Орал қаласында апатты үйлердің мәселесі шешіліп келеді
Оралда апатты үйлердің мәселесі шешіліп келеді. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мүмкін болып отыр. Қазір шаһарда әбден тозығы жеткен жеті үй бұзылып, сүрілген. Орнына тоғыз қабатты баспаналар салынып жатыр. Олардың бірі осы күзде, қала күні қарсаңында құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Қазір қалған апатты үйлердің орнына салынып жатқан тұрғынжайлардың құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Осылайша қаладағы 43 апатты үйдің мәселесі 2020 жылға дейінгі апатты үйлерді қайта салу бағдарламасы бойынша шешілмек. Гагарин көшесіндегі тоғыз қабатты 126 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы ж