Орал қаласында биыл 2 жаңа мектеп салынады
Оның біріншісі - Зашаған кентінде №51 мектептің құрылысы, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Ет комбинаты ауданында орналасқан №33 ЖОББМ-тің орнынан жаңа мектеп бой көтермек. 1935 жылы салынған ғимарат әдбен ескеріп, апатты жағдайда тұрған болатын. Енді ол бұзылып, осы жерде 300 орындық білім ордасының қабырғасы қаланғалы отыр. Мектеп құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлініпті. Бұл жөнінде ҚР Парламент сенатының депутаттарына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев айтып берді. Осы оқу жылында облыс орталығында №31, 33 орта мектептер апатты жағдайда жұмыс жасап келген