Орал қаласында биыл 53 шақырым жол жөнделеді
Осы мақсатқа 7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр. Оның 3 млрд. теңгесін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы инфрақұрылымдық жобаларға арналған әлеуметтік төлемдері аясында бөлгелі отыр. Жұмыстар 20 нысанда атқарылады. Оның 6-уы былтыр басталып, биыл жалғасуда. -«Бүгінде облыстық аурухана ауданы маңындағы Дәулеткерей көшесінің бойында жұмыс басталды. Бірнеше нысан бойынша мердігерлер анықталып, 14 әлеуметтік мекемеге, оның ішінде мектеп, балабақшаларға кіре беріс жолдар да жөнделеді»,-дейді Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлім басшысы Айдар Менее