Орал қаласында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Аталмыш шара өңірімізде 7 мәрте оздырылып отыр. Батыс-Қазақстан облысының аумағында қызмет жасайтын елу шақты мекеме бос жұмыс орындарын ұсынуға атсалысыпты. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға жәрдемдесу мақсатында оздырылған шараға қатысушылар легі белсенді болды. Ағымдағы жылы жұмыссыз жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі аясында 128 мекеме қатысып, 114 батысқазақстандықтар жұмысқа орналасыпты. Бүгінгі таңда өңірімізде 8000 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасу мақсатында түрлі мекемелерге жолығыпты, олардың 3012-сі ресми түрде жұмыссыз деп танылған. -«Қыркүйек айынан бері жұмы