Орал қаласында бюджет қайта нақтыланды
Облыстық бюджет 4,7 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Оның 762 млн теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды. Атап айтқанда жоғары оқу орындарының мамандарын қолдау үшін 200 білім грантын бөлуге, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы және Қазталов аудандарындағы бірқатар оқу мекемелерін жөндеу және жаңғыртуға қосымша қаржы қарастырылды. Бұған қоса тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы, коммуналдық сала мен көлік инфрақұрылымы да қаржылай қолдауға ие болды. - Бюджет қаражаттары басым сипаттағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар басталған құрылыс нысандарын а