Орал қаласында әнші-композитор донеділ қажымовтың жеке шығармашылық кеші өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 қараша күні «Нұр Отан» залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымовтың «Ақ Жайық – ару мекенім» атты шығармашылық кеші өтті. Әншінің өнерін бағалайтын халық залға көптеп жиналды. Шығармашылық кеште Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің (оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов,