Орал қаласында кезекті аукцион өткізілді
Онда коммерциялық мақсаттағы тоғыз жер үлесінің сегізі саттылып, жаңа иелерін тапты. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті. Алдымен сауданың талаптары түсіндірілді. - Бес күн ішінде жер бағасының 50 пайыздық құны төленуі тиіс. Соңынан қалған сомасы өтеледі. Саудада жеңгендер үш күннен кейін тиісті құжатқа ие болып, жерін алуға толық мүмкіндігі бар, - дейді Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы арман Бисембалиев. Саттыққа қойылған жер үлестері қаланың әр аумағында орналасқан. Оларға деген қызығушылық кәсіпкерлер тарапынан жоғары болды. Мәселен аукционға қатысқан 21 бизнес өкілінен барлығ