Оралда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара оныншы шілдеде ұйымдастырылады.Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының таратқан ақпарына сүйенсек, бос жұмыс орындары ұсынылған жәрмеңке шаһардың мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Іс-шара сағат 16:00-де басталады деп күтілуде.
Іс-шара барысында өндіріс ошақтары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынбақ. Жәрмеңкеге кез-келген тұрғын қатысып, жұмыс берушілермен тілдесіп, сауалдарын жолдай алады.