Орал қаласында колледж студенттері арасында дәстүрлі өнер фестивалі басталды
Бұл жолғы шара «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оған, облыс орталығы мен әр ауданнан бас-аяғы 34 білім ордасы қатысуда. Фестиваль шымылдығын Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері ашты. Талантты ұлдар мен қыздар көрермендерді ән мен күйге бөлеп, өнерлерін ортаға салды. Алаш қайраткерлерінің егемендік туралы идеясынан театрландырылған көрініс қойды. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың рөлін осымен бесінші мәрте сомдаған Ернат Сүпіғалиевтің айтуынша, колледж студенттері додаға тас-түйін дайын. Мұндай шара өнерлі жа