Орал қаласында меценаттар форумы аясында көрме ұйымдастырылды
Көрмеде Орал қаласы мен аудандардағы демушілердің атсалысуымен қолға алынатын жобалар таныстырылды. Туған жерді көркейтуде Қазталов ауданы Оралдан кейін екінші тұр. Биыл мұнда 148 млн. теңгенің 59 жобасы жүзеге асыпты. Келер жылға жоспар одан да зор. Ауданда жомарттығымен танылған жанның бірі - Нұрлыбай Жолдыбайұлы. Өзі өскен ауылдағы Жеңіс алаңын жаңғыртып, тұрғындарға арнап медициналық пункт салып берген кәсіпкер тағы бір ізгі істі қолға алып отыр. - Тұрғындар болып бірігіп, ауылда мәдениет үйін салмақшымыз. Қазір өзім бастама көтеріп, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алдым. Қаржы жинауға кіріст