Орал қаласында республикалық қысқы спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті
Орал қаласының мұз сарайында өткен шараға Қазақстан республикасының түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, допты хоккейден бақтарын сынады. Төртінші қысқы ойындардың ашылуына Петропавл, Өскемен, Көкшетау, Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген командалар қатысты. Допты хоккей ойынымен шымылдығы түрілген салтанатты шара Орал қаласының мұз сарайында өткен болатын. Олардың алғашқысы болып, елорда хоккейшілері мен жерлестеріміз бақ сынасты. - Жарысқа 8 команда қатысып отыр. Олардың қай-қайсыда да мықты, дайындықтары жоғары деңгейде. Біздің мақсатымыз-салауатты өмір салтын насихаттау және