Орал қаласында жабайы базарларға қарсы рейд өткізілді
Тексеріс шарасы «Мирлан» базарының жанынан басталды. Бұл жерде көбіне жеміс-жидектер мен көкөністер сатылады. Рейдке кәсіпкерлік бөлімі мамандары, қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің мамандары жұмылдырылды. -«Белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚ туралы заңының 204 бабына сай 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылады. Қазір қалада жабайы базарлар көптеп жұмыс жасап жатыр. Біздің мақсатымыз-адам денсаулығына сапасыз азық-түлік пен тағамдық заттардан келетін зиянның алдын алу»,-дейді Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Исатай Жаз