Орал қаласында жазасын өтеушілер арасында сайыс өтті
Облыстық прокуратура және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен РУ-170/2 түзету мекемесінде спорттық шара өтті. РУ-170/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған 80 орындық шағын клуб бар. Мұнда түрлі өнер үйірмелері жұмыс істейді. Мәдени іс-шараларға белсене араласқандар туысқандарымен кездесуге немесе рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндік алады. Жаңа өмірге бейімделу, жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтарға арнайы мамандар келіп, жауап береді. - Босап шыққан жағдайда сотталғандарды қоғамға бейімдеу маңызды міндеті. Бұл бағытта Пробация қызмет