Орал қаласында жергілікті спортшылармен және бапкерлермен кездесу өтті
Батысқазақстандық спортшылардың бағындырған белестері аз емес. Мәселен, шахматтан жастар арасында Жанат Сайын абсолютті әлем чемпионы атанды. Алдағы жылы дүниежүзілік олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Алайда, Жанатты сол додаға дайындайтын аса білікті мамандар жетіспейді. - Сөз жоқ, Жанат – біздің нағыз чемпионымыз. Оған барынша қолдау көрсетеміз, туындаған мәселелер туралы бізге айтуларыңыз қажет. Өткен жолы білікті мамандар келіп, шеберлік сағаттарын өткізді ғой, сондай шараларды жиі өткізіңіздер. Ал бапкер мәселесі шешімін табатын болады. Ата-анасы жіберсе, Жанатты Астанаға жібе