Орал қаласындағы автовокзал жөнделуде
17 жылдан бері жөндеу көрмеген автовокзалда реконструкциялық жұмыстар басталды. Енді ғимараттың ескі бөліктері жаңғыртылып, қосымша жаңа нысандары пайда болады. Осылайша құрылыс аяқталған соң ғимарат 4 бөлікке бөлінеді. Сыртындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ кеңіп, қонақ үйлердің бөлмесі 45-ке дейін көбейеді, қазіргі автовокзалдың ғимараты бизнес субьектілерге беріледі. Ал күту залдары заманауи деңгейде жабдықталмақ. Сонымен қатар, қауіпсіздік күшейтіліп, ғимарат қоршалады. Жарық шамдары орнатылып, айналасы толықтай абаттандырылады. Жоба құны 85 млн. теңгені құрайды. Бұл со