Оралда 18 шілдеде онкологиялық диспансерде саркома дертінің алдын алу үшін ашық есік күні ұйымдастырылады. Диспансердің таратқан ақпаратына сүйенсек, дәрігерлер тұрғындарды таңғы сағат тоғыздан бастап, түскі сағат 13:00-ге дейін қабылдайды. Кез-келген тұрғын саркомаға байланысты сауалдарын дәрігерге жолдай алады. Сала мамандары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамайтын көрінеді.
Онкологиялық диспансер Орал қаласы, Алматы көшесі, 58 мекенжайында орналасқан.
Саркома – сүйектерде, бұлшықеттерде, майларда немесе дәнекер тіндерде дамитын сирек кездесетін қатерлі ісік түрі. Бұл дерттің түрі көп. Ісіктің остеогендік саркома (сүйек тіндері), хондросаркома (шеміршек тіндері), миосаркома (бұлшықеттер), липосаркома (майлы тіндер), синовиальды (процесс буындарға әсер етеді, тізе жиі зардап шегеді), фибросаркома (сүт безі), сондай-ақ ангиосаркома (тамыр қабырғаларының ісіктері) түрі бар.