Орал қаласының коворкинг орталығында кедесулер өтті
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған коворкинг орталығында жастардың бизнес және шығармашылықпен айналысып, түрлі әлеуметтік жобалар әзірлеуіне зор мүмкіндік берілген. Мұнда шеберлік сағаттары, семинарлар, презентациялар жиі өтіп тұрады. Келем деушілер әкімшілікке тіркелген соң интернет желісін, техникалық базаны тегін пайдалана алады. - Орталықтың ашылғанына көп бола қоймаса да, келушілер санының көптігі бізді қуантады. Төрт арнайы кабинет әдейілеп келіп, жұмыс істейтіндерге арналса, екі кабинет жастар ұйымдарының қызметін ұйымдастыру үшін мамандандырылған. Сонымен қатар се