• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Орал қаласында 2026 жылғы алғашқы антинаркотикалық рейд өтті

Рейд Орал қаласы мен оған қарасты аумақтарды қамтыды.
Орал қаласында 2026 жылғы алғашқы антинаркотикалық рейд өтті

Орал қаласында синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы бағытталған #сатқындар бағыты аясында Жастар қоғамдық бірлестігі «Дала Қырандары» тарапынан 2026 жылғы алғашқы рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд Орал қаласы мен оған қарасты аумақтарды қамтыды. Іс-шараға 107 қыран қатысып, олар 11 жасаққа бөлініп, қала мен аудан аумақтарында жұмыс жүргізді.

Рейдтік іс-шаралар келесі аумақтарды қамтыды:

1. Екінші жұмысшы ауданы;

2. Депо ауданы, Петровский көшесі;

3. Қазақ ауыл (Зачаганск ауданы);

4. Орталық базар аумағы;

5. Бәйтерек ауданы, Плодовощной кенті;

6. Зачаганск ауданы;

7. Сарайшық және Саяхат аумақтары;

8. Меловые горки ауданы;

9. 4, 6, 7 және 10-шағынаудандар;

10. Ескі әуежай ауданы;

11. педагогикалық институт пен педагогикалық колледж аумағы;

12. «Зенит» зауыты аумағы;

13. Теректі ауданы, Подстепный ауылы.

Антинаркотикалық рейдтер «Дала Қырандары» ұйымының 4 негізгі қызмет бағытының бірі — #сатқындар бағыты аясында жүзеге асырылады.

Аталған рейд 2026 жылғы алғашқы рейд болып, өңірдегі алдағы жоспарлы жұмыстарға бастау берді.