Социум
Орал театры халықаралық фестивальда қатарынан ҮШ жүлдені жеңіп алды
Орал театры кезекті рет мықтылығын дәлелдеді. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Македонияның Велес қаласында өткен «Стоби - 2016» антикалық драма театрлары ХV халықаралық фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ «Ең үздік режиссура», «Ең үздік әйел бейнесі» жүлделері де біздің театрдың қоржынында. Осымен 15-ші рет өткен халықаралық фестивальға Сербия, Болгария, Македония және Қазақстаннан 8 театр қатысқан. Өнер бәйгесінде сарапқа салынған небәрі төрт жүлденің 3-уі біздің театр қанжығасында. Атап айтқанда, ұжымға фестивальдің Бас жүлдесі, «Троя арулары» трагедиясының қоюшы-режи