Оралда 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 33 шара өтеді
Оралда 1 маусымға арналған іс-шаралары жоспары бекітілді.

Оралда 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шара жоспары бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Балаларды қорғауға арналған мерекелік шаралар 30 мамырда облыс орталығында Тұңғыш президент алаңында «Қауіпсіз балалық шақ!» атты іс-шарасы өтеді.
Шараны төтенше жағдай басқармасының мамандары ұйымдастырады. Мерекелік іс-шара 9.00-де басталады. Ең ауқымды шара жексенбі күні таңғы тоғызда «Мен бақытты баламын» іс-шарасы ұйымдастырылады. Оны облыстық білім басқармасы өткізеді. Мерекеге орай облыс орталығында спорттық, концерт пен Жеңіс алаңында жазғы алаңқай ашылмақ.
Фото: pexels.com