Орал қаласының әкімдігі облыс орталығында 15-16 тамызда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтетінін хабарлады. Сенбіде жәрмеңке Ықсанов көшесінің бойында, жексенбіде Жәңгір хан көшесі 52Б мекенжайында ұйымдастырылмақ.
Жәрмеңке таңғы сағат тоғыздан, түскі бірге дейін өтеді.
Әкімдік күн райына байланысты ет, балық, құс етін саудалауға рұқсат берілмейтінін хабарлады.