Социум
Оралда 180 пәтерлі үйдің кілттері табыс етілді
Тұңғыш Президент күніне орай Орал қаласында 180 пәтерлік жаңа үй халық игілігіне берілді. Зачаган кентіндегі 9 қабатты зәулім үйдің пәтер кілттері кезекте тұрған оралдықтарға салтанатты жағдайда табыс етілді. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бюджеттік сала мамандары, мемлекеттік қызметкерлер бар. Иллюстративное фото из архива "МГ" Оралда әр мерекені жаңа үйді тапсырумен қарсы алу дәстүрге айналғандай. Бұл жолы да тағы 180 отбасы баспаналы болды. «Қоныс құтты болсын» айтқан облыс әкімі бұл – Мемлекет басшысының қамқорлығы екенін тілге тиек етті. -