• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 19 мамырда газ уақытша сөнеді: қай аудан көгілдір отынсыз қалады?

Облыс орталығында Шолохов көшесі 2/8 мекенжайында газ құбыры жөнделмек.
Оралда 19 мамырда газ уақытша сөнеді: қай аудан көгілдір отынсыз қалады?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

19 мамырда Оралдың кейбір бөлігінде табиғи газ уақытша өшірілмек. Бұл туралы 109 Ai-Komek қызметі хабарлады. Арнайы қызметтің хабарлауы бойынша сейсенбі күні облыс орталығында Шолохов көшесі 2/8 мекенжайында орналасқан газ құбыры жөндеу көрмек. Жөндеу жұмыстары таңғы сағат тоғыздан, кешкі сағат беске дейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Сол себепті «Нефтянник» саяжай коперативінде 26 жеке үй, «Строитель» саяжайында 28 баспана, «Вишенкада» 73 қоныс, «Труд» саяжайында 36 үй және «Орбита» ауданында орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарында табиғи газ уақытша болмайды.

Жалпы 163 абонент көгілдір отынсыз қалмақ.

Главный баннер --> after article