Оралда 190 млн. теңге қоғамдық көліктерге субсидия ретінде бөлінген
Қаражат өз автопаркін жаңалау туралы келісімді орындаған кәсіпорындарға автобус сомасының 10 пайызы көлемінде үш жыл ішінде төленеді, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Сонымен облыс орталығында биылғы жылдың соңына дейін алпыс заманауи техникамен жолаушы тасымалдаушылар паркін жаңғырту көзделіп отыр. Бұл 2017-жылы жолақы тарифі алпыс теңгеден сексен теңгеге көтерілген кездегі биліктің талабы болатын. Алайда қоғамдық көлік иелері жаңа техника сатып алу оңай емесін алға тартып, біраз уақыт оздырған болатын. Ал енді сөзден іске көшетін кез туып отыр дейді билік өкілдері. Сондықтан жо