Оралда 216 пəтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды
9 қабатты бұл үйдің ауласын мердігерлер абаттандырып, балалар алаңын салып береді. Үйдегі 72 пəтер көп балалы отбасыға берілмек екен. Биыл облыс орталығында халықты баспанамен қамту жұмысы қызу жүріп жатыр. "ҚР Президентінің жолдауына сәйкес 72 пәтер көп балалы отбасыға беріледі. Оның ішінде 29 пәтер – заңға сәйкес жетім балаларға. Қалған пәтерлер кезектегі тұрған 1-2 топ мүгедектері, бюджет саласындағы қызметкерлерге, жасына қарай зейнеткерлерге пропорция негізінде бөлініп беріледі",-дейді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев Оралда құрылыстың қарқын алуымен 80 мың адамы бар шағын а