Социум
Оралда 25 мұз айдыны ашылады
Оралда мұз айдындарының ашылуы жалғасуда. 16 желтоқсанға дейін 25 айдын қажетті жабдықтармен қамтылып, жұмыс істемек. Мұз алаңқайлары бұқаралық қысқы спорт түрін дамыту үшін жасалуда. Ал хоккей қорапшаларында түрлі жарыстар өткізілмек. Фото из архива "МГ" Деркөлдегі «Орал» дене шынықтыру-сауықтыру кешені қысқы демалысты ұйымдастыруға дайын бола келді. Қазір сырғанау төбелеріне қар әкелініп, шаңғы жолы бедерленуде. Жылымық күндері сәл-пәл еріп кеткен мұз айдыны қайтадан су құйылып, тегістелмек. Бұқаралық сырғанау үшін қалған жағдайдың бәрі бар. Спорттық жабдықтарды жалға беру бөлімі жұмыс істей