27 тамызда «Қазтест» сынағы ұйымдастырылады. Білім сынағы Орал, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан қаласында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Тест тапсыру құны 7121 теңгені құрайды.
Сынақ тапсырғысы келетін жандар 17-25 тамыз аралығында өтініш беру керек. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.