• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 27 желтоқсанға дейін қаланың бас шыршасы орнатылмақ

Оралдың бас шыршасы жылдағы дәстүрге сай Тұңғыш президент алаңында орнатылмақ
Оралда 27 желтоқсанға дейін қаланың бас шыршасы орнатылмақ
Фото «МГ» порталының мұрағатынан

Биыл да жаңа жыл қарсаңында Орал шаһарының бас шыршасы Тұңғыш президент алаңында орнатылмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бас шыршаны орнату жұмыстары 27 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бас шыршадан бөлек, облыс орталығына қарасты төрт кент пен қалалық мәдениет және демалыс саябағы, ірі сауда орындары да шырша қойылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан дейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласын жаңа жылға орай безендіруге, ертеңгіліктер мен балаларға арналған тәтті сыйлық үшін 11 миллион теңге бөлінетінін хабарлады.