• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 8 мектептің директоры ауысты

7 орта білім беретін оқу ордасы мен бір мектеп-гимназияның басшысы алмасты.
Оралда 8 мектептің директоры ауысты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласының жеті орта білім беретін мектебі мен бір лицейдің директоры ауысты. Шаһардың білім беру бөлімі директордың ротация, кадрлық резерв және конкурс негізінде жүзеге асырылғанын хабарлады.

Орал қаласы білім беру бөлімінің таратқан мәліметіне сүйенсек, №20 жалпы орта білім беретін мектепті кадрлық резервте тұрған Гүлназ Кубаева басқармақ. Гүлназ Жаксыгелдіқызының 17 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар. Ол– «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының жеңімпазы. Жаңа басшысы бұған дейін №20 мектептің оқу-тәрбие жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарыпты.

Главный баннер

           №23 орта білім беретін мектептің директоры лауазымына Анар Ермуханова тағайындалды. Оның 30 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар. Анар Абдолқызы бұған дейін №4 қосымша білім беру мектеп-қосымша орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

            №37 орта білім беретін мектептің директоры да алмасты. Бос орынға Елжас Кадыров тағайындалды. Жаңа директордың 27 жылдық тәжірибесі бар. Ол 2019 жылдың 14 қазанынан күні бүгінге дейін Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының директоры болып еңбек етті.

            Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының жаңа директоры болып кадрлық резервте Ляззат Кусаинова тағайындалды. Ляззат Серікқызының білім беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол бұған дейін №38 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы болып еңбек етті.

            Ал, бұрын №50 жалпы орта білім беретін оқу ордасының басшысы болған Молдир Жумагазиева ротация тәртібімен Бауыржан Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектептің директор қызметіне тағайындалды.

           Бұрын №46 мектептің басшысы болған Ибагул Сатдыкова ротация тәртібімен №45 жалпы орта білім беретін оқу ордасын басқармақ. Ибагул Наримановнаның білім беру саласында 35 жылдық тәжірибесі бар.

        Осы уақытқа дейін №48 мектептің директоры болған Артур Мусагалиев енді №33 орта білім беретін оқу ошағын басқармақ.

        Ал, №48 орта білім беретін мектептің жаңа директоры болып Гүлмира Танзенова тағайындалды. Гулмира Нұрланқызы— «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының жеңімпазы. 

Главный баннер --> after article