Оралда «Ақпараттық технологиялар арқылы медиацияға қолжетімділік» қанатқақты жобасы таныстырылды
Бұл тың бастама сотта қаралатын істер санын азайтып, медиация институтын жетілдіруге сеп болмақ. Облыстық әкімдікте басқосқандар жаңа жүйенің артықшылығын бағамдап, өз ұсыныстарын ортаға салды. «Диалог» және «ымыраға келу» қоғамда туындаған әр түрлі дауды шешудің тиімді тәсіліне айналуы тиіс. Бүгінде республика бойынша сотта орта есеппен 1,5 млн іс қаралады. Медиация институты сотта қаралатын істерді оңтайландырып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға оң әсерін тигізіп отыр. Ал бұл салаға ақпараттық жүйенің енгізілуі халықтың қалта шығынын азайтып, уақытын үнемдейді. Тың жоба әзірге екі кезеңде жүз