Оралда «Ақжайық» этноауылы ашылды
Этномәдени бірлестіктердің ұлттық бұйымдары мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылған этноауыл «Ақжайық» деп аталады. Түрлі ұлт пен ұлыс тату-тәтті тұрып жатқан өңірімізде бұл шара 10 күн бойы өткізілмек екен. Этноауыл Тұңғыш Президент алаңына келіп табан тіреген. -«Этноауыл осы жерде ұлттық құндылықтардан сыр шертеді. 10 күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары «Ақжайық» этноауылы көрмесін тамашалауына мүмкіндік бар»,-дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылған көрме алыстан мен мұндалайды. Себебі бізде мұндай көрініс тек мейрам к