Орал қаласында Ораза айт намазы оқылды. Облыс орталығында орналасқан үш мешітте таңғы сағат 8.30-да айт намазы оқылды. Мейрамға байланысты қалада екі көше жабылды. Мыңдаған адам мешіттерде құлшылыққа жиналды.

Ораза айт – мұсылмандар үшін ең маңызды екі мейрамның бірі. Бұл күні қонаққа барып, мейман қарсылап, жақсы істер атқарып, өзгелерге көмектесу парыз саналады. Қазақ айтты үш күн тойлайды.