Оралда ауыз судың сапасы жақсармақ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Батыс су арнасы» кәсіпорыны ауыз суды дайындаудың жаңа технологиясын енгізу жұмыстануда.

–Жаңа технология облыс және қала әкімдігінің қолдауымен енгізілуде. Оның нәтижесінде қала тұрғындарына берілетін ауыз судың сапасы едәуір жақсарады. Технологияның басты артықшылықтарының бірі – су құбырларының ішінде жиналатын биоқабатты (биоплёнканы) толық тазартуға мүмкіндік беруі.Құбырлардағы биоқабатты жою процесі барысында судың түсінің уақытша өзгеруі және жағымсыз иістің пайда болуы мүмкін. Бұл – биоқабат толық шығарылғанға дейін байқалатын қалыпты құбылыс. Процесс екі-үш, кей жағдайда төрт айға дейін созылуы мүмкін,– деп хабарлады Орал қаласының әкімдігі.

Орал қаласының әкімдігі төрт айдай ағын суды пайдаланар кезінде қайнатып ішуге кеңес береді. Жұмыс толық аяқталғанда ғана шаһарға берілетін тіршілік нәрінің сапасы санитарлық талаптарға сәйкес болмақ.