2 часа назад

Оралда «Ақжайық аруы-2025» өтеді

Оралда сұлулық сайысының финалы 17 қыркүйекте Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылады.

Оралда «Ақжайық аруы-2025» өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда сұлуларды анықтайтын «Ақжайық аруы-2025» байқауы өтпек. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Байқаудың финалы 17 қыркүйекте Жастар мәдениет үйінде өтеді. Әдемі кеште сұлулар сән көрсетілімін көрсетіп, дарынды бұрымдылар өнерін ортаға салады. Іс-шараның ұйымдастырушылары жарқын шоу мен ғажайып атмосфера болады деп уәде беруде. Тіпті көрермендерге тосынсый мен ұтыстарды да дайындапты.

«Ақжайық аруы-2025» байқауының финалында он бойжеткен бақ сынайды. Бас ұйымдастырушы Жұлдыз Хуспанованың айтуынша, биыл іс-шараның шарттарына өзгерістер енген. 2025 жылы сұлулық сайысының атауы қазақшаланып, қатысушылардың мемлекеттік тілді білуіне екпін жасалған. 

Тіпті, биыл бірінші рет Бөкей Ордасы, Тасқала, Теректі, Казталов ауданынан бұрымдылар байқауға қатысуға өтініш білдіріпті. Ұйымдастырушылар: «Қатысушылардың бойы, салмағы жасына қатысты шектеулер шетке ысырылды. Қазір тек арудың бойындағы өнері, харизмасы мән береміз», — деп атап өтті.

— Бұрын байқау «Мисс Уральск» деп аталды. Биыл сайыс қазақ тілінде өтеді. «Ақжайық аруы-2025» деп аталады. Біздерде «Орал аруы» атты қосымша аталым болады. Жеңімпаз қыз балаға «Ақжайық аруы» аталымымен марапатталады.  Он қатысушы байқаудың финалында өнер көрсетеді. Сайысқа тұрмыс құрмаған, спортты жанына серік қылған, азаматтық ұстанымы бар кез-келген сұлу қыз бала қатыса алады, — деді «Ақжайық аруы-2025» байқауының бас ұйымдастырушысы Жұлдыз Хуспанова.

«Ақжайық аруы-2025» байқауында жеңімпаз атанған сұлу республикалық «Қазақстан аруы» сайысына қатысуға жолдама алады. Өткен жылы «Мисс Уральск» аталымы бойынша Алма Хабулова, «Ақжайық аруы» аталымы бойынша Алинұр Нұржан жеңімпаз атанды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp