Оралда балалардың жазғы демалысты ұйымдастыруға 47 млн. теңгеден аса ақша бөлінген
Қала мектептеріндегі лагерлер жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Сала мамандарының айтуынша, биыл шаһарымыздағы 46 мектепте тамақтануы ұйымдастырылған лагерлер ашылып, жалпы 5680 баланы қамту көзделіп отыр. Білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін де ұйымдастырып, 51 мектептен 1700 балаланы қабылдамақ. Бұл лагерлер 9 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, «Қайсар» патриоттық лагері өзгеріс енгізіп, әскери бағытқа оқуға түсуді қалайтын балаларға демалыс ұйымдастыруды қолға алған. Сонымен осы жылы қала бойынша 23 мыңнан астам бала мектеп жан