Социум
Оралда бекіре балығы мен қара уылдырық өндіретін кешен іске қосылды
Орал қаласында бекіре балығы мен қара уылдырық өндіретін кешен жұмысы іске қоыслды. Индустрияландыру картасы аясына енген жоба осыдан үш жыл бұрын қолға алынған еді. Зауыт уылдырықтың алғашқы партиясын нарыққа шығарып та үлгерді. Иллюстративное фото с сайта sergeydolya.livejournal.com Жәңгірхандық ғалымдар бекіре балығын өсірумен осыдан он шақты жыл бұрын айналыса бастаған еді. Кейін ғылыми жобаның аясы кеңейіп, 2013 жылы аквакешен кәсіпорны құрылды. Бекіре еті мен уылдырығын өндіретін зауыт құрылысы басталды. Кәсіпорынның жалпы ауданы 12,6 мың шаршы метр. Мұндағы 52 бассейннің әрбірі 3 тоннад