Оралда борышкерлердің 68 автокөлігі айып тұрағына қамалды
Олардың бәрі жылу ақысын қасақана төлемеген азаматтарға тиесілі. Сот "Жайық жылу қуат" АҚ-ның борышкерлердің жылжымайтын мүлкін пайдалануды шектеуге қатысты 678 қаулы шығарып отыр. Өтелмеген қарыздарды өндіріп алу үшін коммуналдықтар қатаң шара қолдануын жалғастыруда. Бірнеше материал сот шешімі бойынша орындауға жолданыпты. Бүгінгі таңда борышкерлердің "Жайық жылу қуат" алдындағы қарызы 367 миллион теңгені құрап отыр. Жылыту маусымының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда борыш көлемі 3 есеге азайған. Белсенді түрде қатаң шаралардың қолданылуы қарызды қысқартып, өз еркімен кәсіпорынға келіп к