Социум
Оралда қалдықтан электр қуатын алмақ
Қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында зерттеу жұмыстары жүруде. Финляндиялық «DORANOVA» компаниясының өкілдері бұл жерде биогаздан электр қуатын алатын станса салуға ынталы. Компания өкілдері полигонда болып, алғашқы зерттеу жұмыстарын бастады. Олардың айтуынша, күл-қоқыс алаңы – табиғи газдың қоймасы. Полигоннан бөлінетін биогаздың 60%-ы метаннан тұрады. Барлау жұмыстарының қорытындысына сай мамандар қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы газдың көлемі мен сапасын анықтамақ. Содан соң электр қуатын алатын қондырғының қуаты есептеліп, соның негізінде жобаның қаржылық үлгісі жа