• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда өрттің салдарынан 4 отбасы баспанасыз қалды

Оралда өрттің салдарынан 4 отбасы баспанасыз қалды. Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз. Жауын-шашын астында қара суықта үйсіз-күйсіз қалған жандар енді көршілерін паналауға мәжбүр. Иллюстративное фото из архива "МГ" - Бәрі кетті. Тұратын жеріміз жоқ енді. Қызымның екі қызы бар. Жолдасымен айырылысып кетті. Осыны 500 мың теңге кредит алып, ремонттаған едік... Түнгі сағат 11-де көршілер есік қағып оятты. Жанып жатыр деп. Ана көрші сол ішеді, үнемі кісілер алып келеді. - Осылай деп көз жасына ерік берген Дәмет МУСИНА түнде болған өртке көршісі Юраны кінәлайды. Ішімдікке әуес ол пәтері
Оралда өрттің салдарынан 4 отбасы баспанасыз қалды
Оралда өрттің салдарынан 4 отбасы баспанасыз қалды. Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз. Жауын-шашын астында қара суықта үйсіз-күйсіз қалған жандар енді көршілерін паналауға мәжбүр.
Иллюстративное фото из архива "МГ"
Иллюстративное фото из архива "МГ"
Иллюстративное фото из архива "МГ" - Бәрі кетті. Тұратын жеріміз жоқ енді. Қызымның екі қызы бар. Жолдасымен айырылысып кетті. Осыны 500 мың теңге кредит алып, ремонттаған едік... Түнгі сағат 11-де көршілер есік қағып оятты. Жанып жатыр деп. Ана көрші сол ішеді, үнемі кісілер алып келеді. - Осылай деп көз жасына ерік берген Дәмет МУСИНА түнде болған өртке көршісі Юраны кінәлайды. Ішімдікке әуес ол пәтеріне салдыр-салақ қараған. Қызыл жалын да сол баспанадан тұтанып, көрші 3 пәтердің шатырын жалмапты. Бірақ оқиға кезінде ол үйінде болмаған. Өрттен зардап шеккен Дәмет Мусина екі бөлмелі пәтеріне екі ай бұрын ғана жарты млн теңге несие алып жөндеу жасағанын айтады. Енді барар жер, басар тауы жоқ. Басқа 3 отбасының басында да осы күй. - Мен оралманмын. Ресейден көшіп келдім. Осы үйге бар ақшамды салдым. 13 жыл осында тұрдым. Енді, міне, баспанасыз қалдым. Ешқандай тума-туысым жоқ. Балам Ресейде. Далада қалдым, - дейді көз жасын тыя алмаған Үмітханым КАДИМОВА. Өрттің салдарынан 25 адам баспанасыз қалды. Оның ішінде шиеттей балалар мен мүгедек жандар да бар. «Алыстағы туыстан қасыңдағы көрші артық» деген. Басына іс түскен жандар қиын-қыстауда көршілерінен сая тапқан. Негізі Победа көшесі №35 үй мекенжайындағы баспана 63 жыл бұрын салынған. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Электр сымдарының тұйықталуынан болған деген болжам. Жалпы мұндай оқиғалар сақтық шараларын сақтамаудан болады дейді Батыс-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Бибігүл НҰРМҰХАНОВА. Ал әлеуметтік сала мамандары мен қалалық әкімдік өкілі зардап шеккендерге бір реттік қана 50 АЕК көлемінде көмек болады дейді. Уақытша баспана беру мәселесі әлі қарастырылмаған. Дегенмен 100 мың теңге шамасындағы қаражат далада қалған тұрғындардың шығынын өтей алмасы белгілі. Сондықтан суықта үйсіз-күйсіз қалған жандарға көмек керек. Олар, әсіресе, құрбан-айт мейрамы кезінде қайырымды жандар табылар деген үмітте. Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article