• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда дроппер сотталды

Сотталған адам банк шотын ашып, алаяқтарға ақшаны жылыстатуға көмектескен.
Оралда дроппер сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда сегізінші шілдеде алаяқтарға жәрдескен дроппер сотталды. Облыстық прокуратураның таратқан ақпарына сүйенсек, сотталушы банк шотын ашып, алаяқтарға түскен қаражаттан өзіне тиесілі үлесін алып, қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып келген.

Сотта дропперлікпен айналысқан адам кінәсін толық мойындапты. Судья сотталушыны Қылмыстық кодекстің 232-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 78 640 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Главный баннер

Сот үкімі заңды күшіне енбепті.

- Банк карталарыңызды, банк шоттарыңызды, электрондық әмияндарыңызды, логиндеріңізді, құпия сөздеріңізді және өзгеде төлем деректемелеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіздер. Есіңізде болсын, "оңай табыс табу" туралы ұсыныс сізді қылмыстық жауаптылыққа алып келуі мүмкін, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

 

Главный баннер --> after article