Оралда сауда үйлерінің бірінде әшекей бұйым сататын дүкеннен құны 587 мың теңге тұратын алтын алқа ұрлаған баукеспе сотталды. Бұл туралы Орал қаласының соты хабарлады.
Баукеспе дүкеншінің көзінше қымбат алқаны қалтасына салып алып, кейін алтынды ломбардтқа өткізген. Оқиға наурыз айында болды.
Орал қалалық соты алтын бұйымды қолды қылған адамды Қылмыстық кодекстің 188бабы, бірінші бөлігіне сай кінәлі деп тапқан. Судья баукеспеге бір бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.