Социум
Оралда көпшілік жүгіру шарасы өтті
Оралда Абай алаңынан П.Атоян атындағы стадионға дейін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қала күніне орай көпшілік жүгіру шарасы өтті. Оған мыңдаған оралдық қатысып, саламатты өмір салтын насихаттады. Абай алаңынан сөреге тұрғандар үш шақырым жолды артқа тастап, Атоян атындағы стадионда мәре сызығын қиды. Абай атындағы орталық алаңға жиылған халықтың қарасы көп. Олар жексенбі күні болса да қала күніне арналған жаппай жүгіру шарасына қатысуға ниеттілер. Орал біздің қаламыз. Қала күніне арналған іс-шаралар баршамызға ортақ. Оған үн қосу әркімнің міндеті дейді алаңға жиылғандар. - Ұлттың денсаулығ