Оралда 13 қабаттан ер адам құлап, мерт болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Оқиға 11 мамырда түскі уақытта, Құрылысшы шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінде болған. Марқұм 27 жаста екен. Ол алған жарақатының кесірінен оқиға орнында көз жұмған. Полиция департаменті “оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталуда”, -деп қысқа қайырды.