• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда «Қосшығұлов. Шоколад фабрикасы» фильмі түсірілуде

Көркем фильм ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген кәсіпкерлер туралы сыр шертпек.
Оралда «Қосшығұлов. Шоколад фабрикасы» фильмі түсірілуде
Медет Медресовтың фотосы

Оралда «Қосшығұлов: Шоколад фабрикасы» атты фильмі түсірілуде. Кино туынды ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда өмір сүрген әкелі-балалы Қосшұғыловтар жайлы сыр шертеді.

Ақмола өлкесінде өмір сүрген Баймұхамбет пен Құрманғали Қосшығұловтар – қазақ даласында алғаш өнеркәсібін ашқан кәсіпкерлер. Олар шоколад фабрикасын іске қосады. Оны Петерборда оқыған Құрманғали Қосшығұлов басқарды. Олар қазақ даласына алғаш көлік әкелген. Тіпті автомобиль зауытын ашуға тырысқан.

Главный баннер

Сценарий авторы және туындының режиссері Жандос Құсайынов кино түсіретін алаңды көп іздепті. Тіпті фильмнің суретшілері шетел асып, көне ғимараттарды біраз зерттеген. Алайда таңдау Орал қаласына түскен. Шаһардың архитектурасы мен көне ғимараттардың көптігі таңдау жасауға мұрындық болыпты.

Шығармашылық топ  20 күндей Бөкей Ордасында түсірілім жасаған.

— Бөкей Ордасында ағаштан салынған үйлерді пайдаланғанбыз. Далалық жерді, қырды пайдаландық. Фильмнің қалған жартысын Орал қаласында түсіріп жатырмыз. Бүгін түсірілімнің 33-ші күні. 38 күн түсірілім болады деп жоспарладық. (...) Фильм— идеология үшін маңызды. Өйткені қазақ тарихында қатты айтыла бермейтін тарихтың бір беттері. Жастарды кәсіпкерлікке баулу, қазақ тек мал бақпаған, технократ қазақтар болғанын көрсету, – дейді сценарий авторы және режиссер Жандос Құсайынов.

Кино туынды Ақпарат және мәдениет министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Көркем туынды 2027 жылы көрерменге жол тартпақ.

Главный баннер --> after article