Оралда мектеп жанындағы жолдар таңбалануда
Сабақ басталған сәттен автокөлік жүргізушілері тізгінге абай болуы керек. Осы мақсатта жол сақшылары бірқатар жұмыстар атқарды. Соның бірі-мектеп жандарындағы жолдарды таңбалау. Оқушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілерін айшықтап, жүргізушілерге де ескертуді күшейту. Бұл жұмыстар Орал қаласының әкімдігімен бірлесе атқарылып отыр. Жолдан өткен баланы байқамай қалмас үшін мектеп тұсынан өтерде жылдымдықты тежеу міндетті. Осы мақсатта жаяу жүргінші жолының басына оқушы бейнеленген макеттер орнатылуда. Сонымен қатар, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі қызметк