• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда қызметтік ит тыйым салынған затты анықтауға көмектесті

Оралда қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде пошта арқылы сотталған азаматтарға жолданған тыйым салынған зат анықталды.
Оралда қызметтік ит тыйым салынған затты анықтауға көмектесті
Ұлттық ұланның фотосы

Жоспарлы тексеру барысында сәлемдемелер мен бандерольдерді қарау кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы, ефрейтор Аманай Бақтығалидің жетекшілігімен Детектив есімді қызметтік ит пайдаланылды.

Тексеру кезінде қызметтік ит сәлемдемелердің біріне ерекше назар аударып, белгі берген. Осыған байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Анықталған заттың нақты құрамын белгілеу мақсатында ол сот-химиялық сараптамаға жолданды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тексеру және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттерінің жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Главный баннер --> after article