Оралда Республика күнін атап өтті
Бұл рәсім Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда өтті. Бүгін - ұлттық мереке Республика күні. Араға жылдар салып қайта оралған мерекенің еліміз үшін маңызы зор. Бұл күні еліміздің барлық қаласында бір уақытта тұғырдағы көк байрақ көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды. Осыдан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев оралдықтарды мерекемен құттықтады. -Баршаңызды - ұлттық мереке Республика күнімен құттықтаймын! Елдігімізді ұлықтайтын мерекеде әрбір азаматтың өңіріміз бен Республикамыздың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын айтқым келеді. Болашаққа және егемендігімізді нығайт