23 часа назад

Оралда садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды

Орал қаласында еліміздің құралайды көзге атқан 160 тарта спортшысы жиналды.

Оралда садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Облыс орталығында садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сайыс 16 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Бұған дейін Ақжайық өлкесінде осындай жарыс 2023 жылы ұйымдастырылыпты.

 Байрақты бәсекеге еліміздің үш қаласы, жеті облысынан құралайды көзге атқан 160 тарта спортшы бақ сынайды. Олар алты күн бойы нысананы көздеп, классикалық және блоктық садақ ату бағдарламалары бойынша үздіктерді анықтайды.

Республикалық маңызы бар жарысқа еліміздің садақ ату спортынан бас жаттықтырушысы Айнұр Абдраимова арнайы Оралға табан тіреп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңінде Батыс Қазақстан облысынан 36 спортшы бақ сынауда. Олардың қатарында өңір намысын спорт сайысын қорғап жүрген жастар жетерлік. Мәселен, Алихат Мұстафин-Азия чемпионы, Алина Тимралиева- Азия кубогінің күміс жүлдегері, Диана Габдушева- дүниежүзілік гимназиаданың екінші орын иегері, Камила Газизова-Азия чемпионатының қола медель жүлдегері атанған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp