• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда саршұнақ аяз сақталмақ

Облыс орталығында бесінші ақпанда түнде ауа температурасы -25 градус болмақ.
Оралда саршұнақ аяз сақталмақ
Фото авторы: Анастасия Сердюкова

Синоптиктер бесінші ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бейсенбіде күн райы салқындап, саршұнақ аяз күшіне енбек. Бұл туралы world-weather.ru сайты хабарлайды.

Оралда бесінші ақпанда түнде -25 градус болмақ. Күндіз ауа температурасы 20 градус нөлден төмен болады деп күтілуде. Күн ашық, жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады.

Ақтөбеде бесінші ақпанда түнде -17 градус, күндіз 19 градус нөлден төмен болмақ.

Атырауда түнде -14, күндіз-10 градус болмақ. Желдің жылдамдығы 5-6 м/с болады деп күтілуде.

Ақтауда өзге Батыс өңірінің қалаларымен салыстырғанда ауа температурасы едәуір жылы екен. Маңғыстау облысының орталығында түнде ауа температурасы -9 градус болса, күндіз жеті градус нөлден төмен болады деп күтілуде. Ақтауда жауын-шашын жаумайды.