Оралда «Смарт Орал» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Енді оралдықтар заңгер, құқық қорғау органдарының, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен медиаторлар көмегін бір терезе қағидаты бойынша, сол ғимараттан шықпай-ақ ала алады. Облыс орталығы Орал қаласында ашылған Smart Uralsk қызметтер көрсету орталығында 641 қызмет түрі қамтылған. Елбасының көрсетілетін қызметтерді цифрландыру туралы тапсырмасына жəне "Бір терезе" қағидасына сəйкес жұмысын бастаған мекемеде халыққа қызмет көрсету, кəсіпкерлерге қызмет көрсету жəне құқықтық қызмет көрсету орталықтары, прокуратура өкілдері, адвокат, нотариус, медиаторлар орналасқан. Орталықтың ашылу салтан